top of page

Түйіндеме

 

                                            

            Аты-жөні:                Тлеумбетов Алик Каумбаевич

            Туған жылы:            10.08.1971 ж

            Ұлты :                       қазақ

            Мекен-  жайы :         Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы,

                                             Әйтеке би кенті ,  М.Әуезов № 24

            Білімі :                      Жоғары

            Бітірген оқу орны:   Қазақтың  дене тәрбиелеу мәдениеті институты ( ҚазИФК) 1992ж

            Мамандығы :            Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы,жаттықтырушы

            Қызметі:                   № 94 орта мектеп  басшысы 

            Санаты:                    Жоғары  ( 2012ж )

            Еңбек өтілі:              24 жыл

            Курстан өтуі :    

  •   Педагогикалық шығармашылықтың  ғылыми негіздері (29.10.-03.11.2007ж)

  •  Білім беру сапасы – оқу үрдісін басқару нысана ретінде ( 15-18.06.2008ж)

  •  «Дене тәрбиесі » пәнінің қәзіргі мазмұнын және оқыту процесін жаңартудағы  мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру (06-16.06.2011 ж)

  •   12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында аудандық ,қалалаық ӘК меңгерушілерінің кәсіби дамуын басқару  (28.05.-08.06.2012 ж Алматы қаласы )

  • "Оқытудың білім нәтижелеріне жету сапасын бағалаубойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту" - 2016, қаңтар.

 

Жетістіктері:  Шәкірттері  А.Әбдіразақ , Т.Сейілхан, К.Жүсіп ,Е.Ибрай,Ж.Каниев , М.Қосуақов  ,Ә Сағидан,Р.Сағидан мектеп оқушыларының облыстық спартакиадасының бағдарламасына сәйкес президенттік көпсайыстан І орын алса, футболдан жүлделі үшінші орынға ие болды.(2008ж ).Мектеп оқушыларының  облыстық спартакиадасының бағдарламасына сәйкес  футболдан ( қыз және ер балалар ) І орынға ие болса, шахматтан жүлделі үшінші орынға ие болды, (2013 ж) Шәкірттері футзалдан  Қазақстан Республикасының біріншілігінде  екінші орын  (2009ж) , футболдан  Қ.Р. біріншілігінде екінші орын  (2010 ж 2 мәрте )  Қырғыстанның Қант қаласында  өткен  Халықаралық жарыста екінші орын  (2010 ж) Ақтөбе қаласында қала әкімінің жүлдесі үшін  шағын футболдан  өткізілген  ашық қала турнирінде  екінші орын иегері атанды     

( 2012 ж)  Ақтөбе қаласында қала әкімінің жүлдесі үшін шағын футболдан ашық қала турнирінде  үшінші  орын иегері атанды       (2013 ж) 

 

  Марапаттаулары :  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасы ,2008ж.Қазалы  аудандық «Отан» қоғамдық бірлестігінің мақтау қағазы,2009ж. Қызылорда облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы,2010ж .Аудан әкімінің алғы хаты ,2010 ж 2010 ж (2 мәрте;мамыр,қыркүйек ) Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының алғыс хаты, 2011ж «Отан » Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Отан» РҚБ белгісі, 2011ж , Облыстық оқу ортылығының Алғыс хаты,2012 ж .Облыстық  семинарда үздік үлгіде ашық сабақ көрсетіп ,облыстық білім беру қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау институының  «Алғыс хатымен» 2013 жылы Қызылорда облысының Білм Басқармасының «Алғыс хатымен » , 2015 жылы  Аудандық білім бөлімінің басшысының    «Алғыс хатымен  »  марапатталды.  

 

 

   

Жанұя  құрамы:          жанұялы

Ұялы телефоны:          87016175521

                                                                                                           Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,                                                  

                                                                                                           Жанқожа батыр ауылы,  №94 орта мектептің

                                                                                                           директоры Тлеумбетов Алик Қауымбайұлына

 

 

                                                              Мінездеме

          Тлеумбетов Алик Қауымбайұлы 1971 жылы 10 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 1988 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтына (ҚазИФК) түсіп, 1992 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, жаттықтырушы мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты. Еңбек жолын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен футболдан жаттықтырушы болудан бастады. 1998-1999 ж. Аудандық әдістемелік кабинетте дене тәрбиесінің әдіскері, 1999-2001 жылдар аралығында №234 мектепте қосымша білім беру педагогі, 2001-2013 жылдар аралығында аудандық әдістемелік кабинетте дене тәрбиесінің әдіскері, қосымша 1999-2013 жылдар аралығында №234 мектепте  9 сағатпен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2013 жылдың сегізінші қазаннан бері Жаңқожа батыр ауылындағы №94 орта мектебінің директоры.   

          2008 жылы Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Білім беру сапасы-оқу үрдісін басқару нысаны ретінде» (15-18.06.2008ж), «Дене тәрбиесі» пәнінің қазіргі мазмұнын және оқыту процесін жаңартудағы мұңалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру  (06-16.06.2011ж) және білім беру жүйесінің басшы және ғылыми –педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институында «12жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында аудандық, қалалық ӘК меңгерушілерінің кәсіби дамуын басқару» (28.05-08.06.2012ж Алматы қ) тақырыбында өз біліктілігін арттырды. Осы уақыт аралығында өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, саламатты өмір салтын ұстанған білікті маман ретінде, өзін жан-жақты таныта білді. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және бұқаралық спортты дамыту мен оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлесін қосқан дене тәрбиесінің «Үздік ұстаз-2012» грамотасымен  марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты, Қазалы аудандық «Отан» қоғамдық бірлестігінің Мақтау қағазы, Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің бірнеше рет Алғыс хаты, Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс хаты, «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Отан» РҚБ белгісі, облыстық оқу орталығының Алғыс хаты, Қызылорда облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-тәжірибесі «Дене шынықтыру мен алғашқы әскери даярлыққа тәрбиелеудің инновациялық технологиялары-педагогикалық үрдісте» атты әдістемелік жинаққа еніп, облыс көлеміне таратылды. Футболдан облыстық «Алтын күз» спартакиадасынан бірнеше дүркін жеңімпазы.   

      Саламатты өмір салтын қалыптастыруда жүйелі жұмыс ұйымдастырып, оқушылардың дене шынықтыру пәніне қызығушылығын қалыптастырған, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ұйымдастыру қабілеті жоғары, қазіргі заман талабына сай жаңашыл ұстаз. Дене шынықтыру пәнінен өткізілген шығармашылық сабақтары мен іс-шаралары жоғары бағаға ие болды. Облыстық семинарда үздік үлгіде ашық сабақ көрсетіп, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінде оның дайындаған оқушылары түрлі деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Облыстық «Алтын күз» спартакиадасының бағдарламасына сәйкес футболдан өткен жарыста 1994-1997 жылдар аралығында жеңімпаз, Ақтөбе қаласында 1996-1997 жылдары футболдан өткен халықаралық жарыста ІІ, ІІІ орындарды иеленді.1998 жылы Шымкент қаласында футболдан өткен Қазақстан біріншілінде ІІІ орын иегері. Қызылорда қаласында 2000-2013 жылдар аралығында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектеп оқушыларының спартакиадасында спорт түрлерінен іріктелген аудан құрама командасының  оқушылары жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болып, жалпы командалық есепте 10 рет ІІ орын, 3 рет ІІІ орын және 5 рет І орын жеңіп алды. Шәкірттері футзалдан Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын (2009ж), футболдан  ҚР біріншілігінде ІІ орын (2010ж -2 мәрте). Қырғызстанның Қант қаласында өткен халықаралық жарыста ІІ орын (2010ж), Ақтөбе қаласында қала әкімінің жүлдесі үшін шағын футболдан өткізілген ашық қала турнирінде ІІІ орын иегері атанды. (2013ж).

     Өзіндік болмысымен, ерекше қабілетімен дараланып, жауапкершілікпен тиянақтылықпен биік белесінен көріне білген, аудандағы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің көшбасшысы Алик Тлеумбетовтің болашағынан күтер үмітіміз мол. Түрлі аламан бәйгеден сүрінбей өткен А. Тлеумбетов жаңа істердің жаршысы болып, жеңістің биік тұғырынан көріне беретініне сенеміз. 

Диплом, сертификаттар

© 2023 ВАДИМ ФРАНК. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Black Round
  • Instagram Black Round
  • Twitter Black Round
  • Vimeo Black Round
bottom of page